Құрметті команда өкілдері!
Сіздерге Алматы Әуесқой футбол лигасында (ЛЛФ Алматы) дисквалификацияны қолдану тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.
Жаңартылған ережелерге сәйкес, егер футболшы бір мезгілде екі лиганың жарыстарына қатысатын болса, ЛЛФ Алматы лигаларының бірінде алған дисквалификациясы 35+ лигасына да қолданылады. Бұл ереже кері бағытта да күшіне ие.
Осылайша, дисквалификация мерзімі аяқталғанға дейін ойыншы қай лигада алаңнан қуылғанына қарамастан, екі лиганың да матчтарына қатысуға құқылы емес.
Команда өкілдерінен құрамды жасақтау және ойыншыларды матчтарға тіркеу кезінде аталған өзгерісті ескерулерін сұраймыз.
Түсіністік танытып, белгіленген ережелерді сақтағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
Алматы Әуесқой футбол лигасының әкімшілігі
*******************************************************************************************************************
Уважаемые представители команд!
Информируем вас об изменении порядка применения дисквалификаций в ЛЛФ Алматы.
Согласно обновлённым правилам, дисквалификация игрока, полученная в одной из лиг ЛЛФ Алматы, распространяется также на лигу 35+, если футболист одновременно участвует в соревнованиях обеих лиг. Данное правило действует и в обратном порядке.
Таким образом, до окончания срока дисквалификации игрок не имеет права принимать участие в матчах обеих лиг, независимо от того, в какой из них он получил удаление.
Просим представителей команд учитывать данное изменение при формировании составов и заявке игроков на матчи.
Благодарим за понимание и соблюдение установленных правил!
С уважением,
Администрация ЛЛФ Алматы