Құрметті команда өкілдері!
Алматы Әуесқой футбол лигасының (ЛЛФ Алматы) Тәртіптік комитетінің (ТК) шешімдерімен салынған айыппұлдарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін еске саламыз.
Айыппұлды төлеу үшін командаға ТК шешімі қабылданған күннен бастап 21 күнтізбелік күн беріледі.
Бұл ретте команда ТК шешіміне 5 күн ішінде шағымдануға құқылы. Ол үшін тиісті өтінішті llfalmaty.info@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.
Назарларыңызға саламыз: апелляциялық шағым беру айыппұлды төлеу мерзімінің өтуін тоқтатпайды. Егер апелляциялық шағымды қарау нәтижесінде ТК-нің бастапқы шешімі өзгеріссіз қалса, айыппұлды төлеуге берілген 21 күндік мерзім бастапқы шешім қабылданған күннен бастап есептеле береді.
Маңызды! Команданың жарыстар кестесіне енгізілуі оның матчқа автоматты түрде жіберілетінін білдірмейді. Егер айыппұлды төлеудің белгіленген мерзімі аяқталып, берешек өтелмесе, команда келесі матчқа жіберілмейді және оған техникалық жеңіліс есептеледі.
Айыппұлдарды төлеу мерзімін өткізіп алған командалардың өкілдеріне бұған дейін жеке тәртіппен хабарланған болатын. Матчтар басталар алдында даулы жағдайлардың туындауын болдырмау мақсатында осы ескертуді жарыстың барлық қатысушыларына жолдап отырмыз.
Команда өкілдерінен белгіленген мерзімдерді сақтауға жауапкершілікпен қарап, айыппұлдарды уақтылы төлеулерін сұраймыз.
Түсіністік танытып, жарыс регламентін сақтағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
Алматы Әуесқой футбол лигасының әкімшілігі
***********************************************************************************************************************
Уважаемые представители команд!
Напоминаем о порядке и сроках оплаты штрафов, наложенных по решениям Дисциплинарного комитета (ДК) ЛЛФ Алматы.
На оплату штрафа команде предоставляется 21 календарный день с даты вынесения решения ДК.
При этом команда имеет право обжаловать решение ДК в течение 5 дней, направив соответствующее обращение на электронную почту: llfalmaty.info@gmail.com.
Обращаем внимание, что подача апелляции не приостанавливает течение срока оплаты штрафа. Если по результатам рассмотрения апелляции первоначальное решение ДК остаётся без изменений, 21-дневный срок оплаты продолжает исчисляться с даты вынесения первоначального решения.
Важно! Включение команды в расписание соревнований не означает её автоматического допуска к матчу. Если установленный срок оплаты штрафа истёк, а задолженность не погашена, команда не допускается к очередному матчу, и ей засчитывается техническое поражение.
Представители команд, имеющих просроченные штрафы, ранее были уведомлены в индивидуальном порядке. Настоящее напоминание адресовано всем участникам соревнований во избежание спорных ситуаций непосредственно перед проведением матчей.
Просим представителей команд ответственно относиться к соблюдению установленных сроков и своевременно производить оплату штрафов.
Благодарим за понимание и соблюдение регламента соревнований!
С уважением,
Администрация ЛЛФ Алматы